RG Brands: Табыс тарихы және оның артындағы адамдар
Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің арнайы жобасының жаңа шығарылымында біз сіздерді RG Brands компаниясының өндіріс менеджері, таптырмас маман – Мұхтар Қанқожаевпен таныстырғымыз келеді.
Жиырма жылдан астам уақыт бойы оның еңбегі өңірдегі жетекші сусындар өндірушісінің өндірістік процестерінің тұрақтылығын және өнім сапасының жоғарылығын қамтамасыз етіп келеді. ЭКА-ның бұрыннан келе жатқан клиенті RG Brands Агенттіктің қолдауымен Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан және басқа елдердің нарықтарына шықты.
Компания Қазақстан мен Қырғызстандағы PepsiCo International және Pepsi Lipton International-дың ресми серіктесі болып табылады, олардың өнімдерін өздерінің жоғары технологиялық алаңдарында жылына 1 миллиард литр қуаттылықпен өндіреді. RG Brands командасында 2 500-ден астам кәсіби маман бар, ал компания экологиялық тұрақтылық және жауапты өндіріс қағидаттарын ұстанады.
Естеріңізге сала кетейік, ЭКА жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, кадрлар даярлау сапасын жақсарту және қолдау көрсетілген кәсіпорындармен өзара іс-қимылды кеңейту мақсатында өзінің арнайы жобасын іске қосты. Осы жоба аясында біз еңбек адамдары және олардың қызықты мамандықтары туралы баяндаймыз, бұл кәсіптік білім беруді дамытуға және жұмысшы мамандарды ынталандыру үшін еңбек нарығын жүйелеуге ықпал етеді.
