Қазақстандық май өнімдеріне сұраныс артты
Отандық «Масло-Дел» компаниясының өнімдері Қытай нарығын бағындырып жатыр. Компания былтыр 40 мың тоннаға жуық өнімді экспорттаған. Тауардың сыртқы нарықққа шығуына KazakhExport Экспорттық-кредиттік агенттігі қолдау көрсетіп отыр. Отандық нарықта 25 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Масло-Дел» компаниясы қазір 300-ден астам өнім түрін шығарады. Сары май және өсімдік майлары, маргариндер, майонез, кетчуп, томат пастасы мен сүт өнімдері өте сапалы. Наталья Солохина, «Масло-Дел» ЖШС комбинат басшысы: - Зауытта сапаны бақылаудың өте қатаң технологиялық тізбегі бар. Қабылданған шикізат толық өңдеу циклынан өтеді. Біз – Қазақстандағы өндірістің барлық сатысы интерграцияланған жалғыз май-майлы және сүт өнімдерін шығаратын компаниямыз. Компания өнімдерінің шетел нарығына шығуына жақында ғана еліміздің Экспорттық-кредиттік агенттігі болып бекітілген KazakhExport қолдау көрсетіп отыр. Алмас Қалқаев, «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ Алматы қ. өкілдігінің басшысы: - 2019 жылдан бері «Масло-Дел» компаниясы 12,8 миллиард теңгеге жуық қаржылай қолдау алды. Бұл компанияға экспорт көлемін және экспорт географиясын арттыруға мүмкіндік берді. «Масло-Дел» компаниясы өсімдік майын қазір Қытайдан өзге Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Біріккен Араб Әмірліктері және Эстония елдеріне экспорттайды. Әлия Мырзағалиева, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарушы директоры: - KazakhExport сақтандыру кепілдігін береді. Яғни, бұл экспорт жасайтын ұйымдарға, кәсіпорындарға түгел экспортты толық көлемде циклын қорғауға болады олар арқылы. Яғни, бұл құралдарды бізде шикізаттық емес кәсіпорындар ала алады. Экспорттық-кредиттік агенттік 2016 жылдан бері экспорттаушыларға 1 триллионнан астам теңгеге қолдау көрсетті.
Дерекөз: 24.kz
Растительные масла отечественного производства покоряют китайский рынок. Только за прошлый год компания «Масло-Дел» экспортировала порядка 40 тысяч тонн продукции, передаёт корреспондент «24KZ». Отметим, что поддержку в выходе этих товаров на внешний рынок осуществляет экспортно-кредитное Агентство «KazakhExport». Компания «Масло-Дел» на рынке отечественных товаров уже 25 лет. И сегодня предлагает более 300 видов продукции. Исключительно высококачественные сливочное и растительное масла, маргарины, майонезы, кетчупы, томатные пасты и молочные продукты – все это производится под знаком бренда «Масло-Дел». Наталья Солохина, руководитель комбината ТОО «Масло-Дел»: - Технологическая цепочка контроля качества. Начиная от приемки масложирового сырья, который нам приходит сюда, нерафинированное масло, затем идет его полная переработка. Полный цикл переработки, включая вся стадии рафинации. Мы горды тем, что в Казахстане, у нас полный весь цикл рафинации масел. Выход продукции компании на мировой рынок происходит при поддержке Экспортно-кредитного Агентства «KazakhExport». Алмас Калкаев, руководитель представительства АО «Экспортно-кредитное Агентство Казахстана»: - С 2019 года ТОО «Масло-Дел» получил финансовую поддержку на сумму около 12,8 млрд тенге. По продукту страхование займа, что позволила компанию увеличить объем экспорта и географию экспорта. Казахстанская компания «Масло-Дел» растительное масло сейчас экспортирует в такие страны, как Россия, Кыргызстан, Узбекистан, Таджикистан, ОАЭ и Эстония и Китай. Алия Мурзагалиева, управляющий директор АО «НУХ «Байтерек»: - Холдинг «Байтерек» предоставляет не сырьевым экспортерам поддержку через двух операторов. Это Банк развития Казахстана и экспортное кредитование. В прошлом году только мы запустили новую программу по оборотным средствам кредитования для экспортеров. Экспортно-кредитное Агентство Казахстана с 2016 года оказало экспортерам поддержку на сумму более одного триллиона тенге.
Источник: 24.kz