Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігінің сақтандыру сыйымдылығы 1,2 трлн теңгені құрайды | БАҚ біз туралы | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

БАҚ біз туралы

Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігінің сақтандыру сыйымдылығы 1,2 трлн теңгені құрайды

«Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы болып табылатын Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі (ЭКА) бизнесті қолдауға арналған қаржылық мүмкіндіктерін едәуір кеңейтті.

Соңғы алты ай ішінде Агенттіктің жарғылық капиталы 70 млрд теңгеге ұлғайтылып, мемлекеттік кепілдік көлемі 200 млрд теңгеге арттырылды. Нәтижесінде Агенттіктің сақтандыру және кепілдік беру сыйымдылығы 950 млрд теңгеге жетті.

Сонымен қатар, «Бәйтерек» холдингінің Директорлар кеңесі биыл қосымша 250 млрд теңге көлемінде мемлекеттік кепілдік бөлу туралы шешім қабылдады. Осылайша, Агенттіктің жалпы сыйымдылығы 1,2 трлн теңгені құрайтын болады. Бұл экспорттық мәмілелерді сақтандыру көлемін едәуір арттыруға, отандық өндірушілерді қаржылық қолдауды кеңейтуге және қазақстандық компаниялардың шетелдік нарықтарға белсенді шығуына мүмкіндік береді.

Агенттік құралдары экспорттаушылардың негізгі қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Атап айтқанда, қарыздарды, дебиторлық берешекті сақтандырудан бастап мәмілелерге кепілдік беру, экспорт алдындағы және экспорттық-сауда қаржыландыруына дейінгі қызметтерді қамтиды. Сонымен қатар, экспорттық-сауда қаржыландыруы Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан сияқты елдердегі шетелдік серіктестерге нарықтық шарттардан тиімдірек талаптармен қаржы ресурстарына қол жеткізуге мүмкіндік беріп, қазақстандық экспорттың өсуіне ықпал етеді.

Агенттік өңдеу өнеркәсібін және жоғары қосылған құны бар өнімдерді қолдауға басымдық береді. Оның ішінде агроөнеркәсіптік кешен, тамақ өнеркәсібі, металлургия, машина жасау, химия саласы және басқа да бағыттар бар. ЭКА портфелінде бизнестің барлық сегменттері қамтылған, олардың жартысынан астамы шағын және орта бизнес субъектілеріне тиесілі. Бұл өңірлік өндірушілердің экспорттық нарықтарға шығуына жол ашады. Сонымен қатар, сақтандыру құралдары ірі кәсіпорындар мен сала көшбасшыларына, соның ішінде «Прима Кус» ЖШС, «Шин-Лайн» ЖШС, «Масло-Дел» ЖШС, «RG Brands Kazakhstan» ЖШС, «QARMET» АҚ және басқа да компанияларға экспорт көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

«Қосымша капиталдандыру экономиканы әртараптандыру және шикізаттық емес экспортты ұлғайту жөніндегі стратегиялық міндеттерді шешуге көмектеседі. Біздің өнімдеріміз нарықта жоғары сұранысқа ие. Тек ағымдағы жылдың алғашқы бес айында Агенттік қолдауын 54 кәсіпорын пайдаланды, ал қолдау көлемі 308,8 млрд теңгені құрап, 2024 жылғы көрсеткіштен асып түсті. Жыл қорытындысы бойынша сақтандыру және кепілдік міндеттемелерінің сыйымдылығы 1,2 трлн теңгеге дейін ұлғайтылады. Бұл қаржылық резерв экспорттаушылар тарапынан өсіп келе жатқан сұранысты толық қамтамасыз етуге және қазақстандық тауарлардың шетелдік нарықтардағы позициясын нығайтуға мүмкіндік береді», – деді Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі басқарма төрағасы Аллен Чайжүнісов.

Қаржылық көрсеткіштердің өсуімен қатар ұйымның халықаралық беделі де нығайып келеді. Сақтандыру сыйымдылығының артуы Агенттікке халықаралық сарапшылық қоғамдастықтағы жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Биыл мамыр айында Астанада өткен Берн одағының көктемгі отырысының негізгі нәтижелерінің бірі Қазақстанның ЭКА-сының Қысқа мерзімді сақтандыру комитетіне (Short Term Committee) мүшелікке қабылдануы болды. Осылайша, Қазақстан саладағы әлемнің жетекші 33 ұйымының қатарына еніп, сақтандыру нарығының көшбасшыларымен бірлескен қайта сақтандыру тетіктеріне тікелей қол жеткізді.

Дереккөз: zakon.kz

consultation Кеңес ал!