Moody’s «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ рейтингін «Baa1» деңгейіне дейін көтерді | Баспасөз релизі | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Баспасөз релизі

Moody’s «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ рейтингін «Baa1» деңгейіне дейін көтерді

Moody’s Investors Service халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігінің («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) қаржылық тұрақтылық рейтингін Baa2 деңгейінен Baa1 деңгейіне дейін көтерді. Рейтинг бойынша болжам «Тұрақты» болып өзгертілді.

Рейтинг Қазақстан көрсеткішінің «Baa1» деңгейіне дейін өсуімен тікелей байланысты. Бұл еліміздің институционалдық ортадағы оң өзгерісін және оның экономикалық тұрақтылығын көрсетеді.

Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі тұрақты экономикалық өсуді қамтитын және экспорт географиясын кеңейтуге, әлемдік нарықтардағы шикізаттық емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің үлесін ұлғайтуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі стратегиялық миссиясын орындауды жалғастыра береді.

chat Кеңес ал!