Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі Германияның жетекші қаржы институттарымен кездесу өткізді | Баспасөз релизі | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Баспасөз релизі

Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі Германияның жетекші қаржы институттарымен кездесу өткізді

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ делегациясы Германияның басты қаржы институттарымен келіссөз жүргізді. Кездесу барысында тараптар агроөнеркәсіптік кешен және сауда ісін қаржыландыру бойынша ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін талқылады.

«Бәйтерек» холдингі Қазақстанның Euler Hermes компаниясымен өзара іс-қимыл жөніндегі ресми операторы ретінде Германиямен ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударады. Несие тәуекелдерін сақтандыру бойынша әлемдік көшбасшымен орнатылған әріптестік елімізге инвестициялық жобаларды тарту кезінде қауіп-қатерді сейілтуге және қаржыландырудың неғұрлым тұрақты жолдарын қарастыруға мүмкіндік береді.

«Euler Hermes және жетекші неміс қаржы институттарымен ынтымақтастық ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін стратегиялық маңызға ие. Қазақстан неміс өндірушілері үшін ұзақмерзімді келісімшарттарды қамтамасыз ете отырып, неміс технологиялары мен қаржыландыруды белсенді тартады. Бұл ынтымақтастық жаңа перспективалар ашады және екі жақтың да халықаралық нарықтағы позициясын нығайтады», - деп атап өтті «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Рустам Карагойшин.  

Жұмыс тобының отырысы аясында «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы Ален Шәйжүнісов Германияның негізгі қаржы институттарымен келіссөз жүргізді. Олардың қатарында  Euler Hermes, KfW, Deutsche Bank, Helaba және AKA Bank сынды алып компаниялар бар.

Айта кетейік, биыл KazakhExport экспорттық-кредиттік агенттікке айнала отырып, Орталық Азияда алғаш болып толыққанды ЭКА мәртебесін алды.

Еске салайық, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр бастаған қазақстандық делегация 27-29 тамыз аралығында Берлинде жұмыс сапарымен жүр, онда Қазақстан-Германия Іскерлік кеңесінің XV отырысы болып өтті.

 

chat Кеңес ал!