TXF Global 2024: Қазақстан экономикасына шетелдік инвестиция тартудың жаңа жолдары | Баспасөз релизі | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Баспасөз релизі

TXF Global 2024: Қазақстан экономикасына шетелдік инвестиция тартудың жаңа жолдары

Афинада «Global 2024: Export, Project & Development Finance» экспорт және сауданы қаржыландыру саласындағы ең ірі халықаралық іс-шара өтті. Іс-шара аясында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ ел экономикасына инвестиция құюға қызығушылық танытқан әлемнің ірі қаржы институттарымен бірқатар кездесу өткізді.

Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі Басқарма төрағасының орынбасары Аян Бектібаева Орталық Азия тақырыбына арналған «The Peloponnese: Regional Workshops» дөңгелек үстеліне модератор болды. Жиында ынтымақтастық орнатылуы мүмкін салалар, инвесторларға көрсетілетін қолдау құралдары айтылды. Одан бөлек, Қазақстанмен бизнес жүргізгісі келетін барлық мүдделі топ үшін сұрақ-жауап сессиясы өткізілді.

Сонымен қатар «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі мен Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігінің делегациясы J.P. Morgan Bank, Exim, KUKE, АКА Bank, Helaba Bank, CITI, ATIDI, UK Export Finance, ING Bank, Euler Hermes, Société Générale, Oddo-BHF Bank, DZ Bank, BGK Bank сынды қаржы секторы мен экспорттық қаржыландырудың көшбасшыларымен және OECD, Standard Chartered өкілдерімен кездесу өткізді.

ҚР Үкіметінің негізгі институты«Бәйтерек» холдингінің қатысуымен өткен кездесулер шетелдік сарапшыларға Қазақстан нарығы және оның мүмкіндігі, өңірдегі ынтымақтастықты дамыту бойынша шынайы және мазмұнды ақпарат алуға мүмкіндік берді.

chat Кеңес ал!