Ереванда ЕАЭО-ға мүше елдердің экспорттық-кредиттік агенттіктері басшыларының кездесуі өтті
17 мамырда Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің экспорттық-кредиттік агенттіктерінің (ЕАЭО ЭКА) Ереванда (Армения) өткен жыл сайынғы кездесуіне қатысты.
Осындай іскери кездесулер сақтандыру бойынша тәжірибемен алмасу және өзара іс-қимыл жүргізу жоспарларын талқылау үшін ЕАЭО ЭКА тарапынан тұрақты негізде өткізіледі. Соңғы рет аталған іс-шара былтырғы жылғы тамызда Астанада KazakhExport алаңында өткізілгенін естеріңізге саламыз.
Еревандағы кездесуге Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясының (ЕҚСК) да қатысқаны қуантады. ЕҚСҚ – өзара сауда мен инвестицияларды дамыту үшін ЕАЭО елдерінің күшімен құрылған ұлттық ұйымдардан жоғары тұрған ұйым. Оның басты міндеті ЕАЭО ЭКА мен экспортты қолдайтын сақтандыру ұйымдарына қайта сақтандыру қолдауын ұсыну болып табылады.
Қазіргі уақытта Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі мен ЕҚСК арасында қайта сақтандырудың тиімді форматтарын әзірлеу үшін ақпарат алмасу жүргізілуде, осыдан кейін қазақстандық экспорттың ЕАЭО елдеріне шығуын қолдауды кеңейтуге мүмкіндік беретін тиісті келісімдер мен шарттарға қол қойылады.