«Kaz-metiz» өнімінің өндірісі | Made in KZ
«Хабар24» телеарнасының «Made in KZ» жаңа санында болат арқандар, өзектер мен сымдар - бүгінде барлық салаларда қолданылып жүрген алмастырылмйтын металл бұйымдары туралы. Қазақстанда олар Қарағанды қаласындағы «Kaz-metiz» зауытында шығарылады.
2008 жылы ашылған «Kaz-metiz» металл бұйымдарын шығаратын зауыт Қытай мен Италияның жабдықтарымен жабдықталған. Өндірістік қуаттылығы – айына 3 мың тонна өнім. Зауыт ашылғаннан бері 300 мың тоннадан астам өнім өндірілді.
Өндіріс процесі келесі кезеңдерден тұрады: шикізатты қабылдау, патенттеу желісі, термо және химиялық өңдеу, бура ванналары, кептіру, орауыштарға орау, тарту және бұрау. Дайын арқан дереу майланып, орауыштарға оралады.
«Kaz-metiz» өз өнімінің едәуір бөлігін экспортқа жібереді. Өзбекстанмен қауіпсіз сауда қарым-қатынастарын құруда «Kaz-metiz»-ке «KazakhExport» - «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне бағынысты ұйымы көмектеседі.
https://24.kz/ru/tv-projects/made-in-kz/item/507008-proizvodstvo-metiznoj-produktsii-made-in-kz