Қазақстанның химиялық өнімдері | Made in KZ
«Made in KZ» жаңа санында Теміртау электрометаллургиялық зауыты» АҚ кальций карбидін өндіру мен сату қалай ұйымдастырылатыны туралы. Өзінің шикізаттық базасы бар компания, Теміртауда толық өндірістік циклді құрды.
Кальций карбидінің өндірілуіне екі элемент қатысады - кальций оксиді, оны әк деп те атайды және кокс. Зауыт шикізатты Павлодар мен Қызылордадан сатып алады. Және оларды Ресейден, Украинадан және Өзбекстаннан да әкеледі. Қоймадан цехқа шикізатты минералды тасымалдаушылар жеткізеді, алдымен кокс пен әк қабылдау бункеріне түседі, араластырылады және рецепт бойынша мөлшерленеді, содан кейін олар конвейер арқылы пеш бункерлеріне беріледі. Барлық күрделі өндірістік процестерден өткеннен кейін, нәтижесінде жоғары сапалы өнім алынады.
Теміртау электрометаллургиялық зауытына өндірістің ұлғаюына және сыртқы нарыққа шығуына «KazakhExport» - «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне бағынысты ұйымы көмектеседі.
https://24.kz/ru/tv-projects/made-in-kz/item/505859-proizvodstvo-khimicheskoj-produktsii-made-in-kz