Алматыда крахмал сірнесі қалай өндіріледі | Made in KZ
Хабар24 арнасындағы «Made in KZ» бағдарламасының жаңа санында минералдар мен дәрумендер бар қантты алмастыратын пайдалы сірнені Алматы облысында қалай өндірілетіні туралы.
Asia Agro Food зауыты тәулігіне 160 тонна сірне шығарады. Бүкіл процесс автоматтандырылған. Крахмал зауыты американдық, неміс, түрік және итальяндық қондырғылармен жабдықталған. Сірнені Алматы облысында өсірілген жүгеріден алынады, кейін күрделі процедуралардан соң - електенгеннен сепарацияға дейін соңғы өнім алынады. Сірне созылмалы тәттілер мен нан өнімдеріне қосылып, тамақ өнеркәсібінде белсенді қолданылады.
18 жыл бойы өндіріс жоғары сапалы сірнені тек қазақстандықтарға ғана емес, сонымен қатар сыртқы нарыққа да жеткізіп келеді. Компания өнімдері Қазақстанның сыртында да белгілі - Ресейде, Қырғызстанда және Өзбекстанда. Экспорт үлесі 50 пайызды құрайды. Бұған «KazakhExport» - «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне бағынысты ұйымы көмектеседі.
https://24.kz/ru/tv-projects/made-in-kz/item/502957-proizvodstvo-krakhmalnoj-patoki-made-in-kz