Анонс! Алматы облысында крахмал сірнесі қалай дайындалады? | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Анонс! Алматы облысында крахмал сірнесі қалай дайындалады?

Хабар24 арнасындағы «Made in KZ» бағдарламасының жаңа санында құрамында минералдар мен дәрумендер бар қантты алмастыратын сірне туралы.

Азия Агро Фуд зауыты тәулігіне 160 тонна сірне шығарады. Барлық өндіріс процесі автоматтандырылған, ал крахмал зауыты американдық, неміс, түрік және итальяндық қондырғылармен жабдықталған.

Сірне созылмалы тәттілер мен нан өнімдеріне қосылып, тамақ өнеркәсібінде белсенді қолданылады. 18 жылдан астам өндіріс жоғары сапалы сірнені тек қазақстандықтарға ғана емес, сонымен қатар сыртқы нарыққа да жеткізіп келеді. Компания өнімдері Қазақстаннан сырт елдерінде де белгілі: Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан. Экспорт үлесі 50 пайызды құрайды. Бұған «KazakhExport» - «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне бағынысты ұйымы көмектеседі.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен, сағат 14:30, 18:40 және 22:40 «Хабар 24» телеарнасындағы «Made in KZ» бағдарламасының кезекті санында.

chat Кеңес ал!