«ЭСК «KazakhExport» ЭСК АҚ жарғылық капиталы 13.9 миллиард теңгеге ұлғайтылған | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

«ЭСК «KazakhExport» ЭСК АҚ жарғылық капиталы 13.9 миллиард теңгеге ұлғайтылған

«Бәйтерек» ҰБХ АҚ (бұдан әрі – Холдинг) Басқармасы отандық экспортшыларға қолдау көрсету үшін, Холдингтің еншілес ұйымы «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ-ның (бұдан әрі - «KazakhExport») жарғылық капиталын 13,9 миллиард теңгеге қосымша ұлғайту туралы шешім қабылдады. Осылайша компанияның жарғылық капиталының жалпы көлемі 37,1 млрд теңгені құраған.

«KazakhExport» АҚ-ын капиталдандырудың негізгі мақсаты аккредитивті импорттаушы банктің тарапынан міндеттемелерді орындамау тәуекелінен сақтандыру, экспорттық келісімшарттар бойынша төлемнің кейінге қалдырылуын импорттаушы тарапынан төлем жасамау тәуекелінен сақтандыру, импорттаушының алғытөлемдерін экспорттаушының алғытөлемді қайтармау тәуекелінен сақтандыру және экспортты дамытуға бағытталған экспортшылардың қарыздарын сақтандыру сияқты құралдарды пайдалану арқылы шикізаттық емес өнімнің экспортына қолдау көрсету көлемдерін ұлғайту болып табылады.  

«KazakhExport» жарғылық капиталын ұлғайту 2022 жылға қарай 1800-ден астам экспорттық мәмілені кредиттік-сақтандыру қолдауымен қамту арқылы, шикізаттық емес экспортқа қолдау көрсетуді шамамен 600 млрд. теңге көлемінде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

chat Кеңес ал!