Павлодарлық экспорттаушыларға клиенттер табуға және мәмілелерді сақтандыруға көмектесуде | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Павлодарлық экспорттаушыларға клиенттер табуға және мәмілелерді сақтандыруға көмектесуде

Еліміздің өңдеу өнеркәсібі көлемінің үштен бір бөлігі Павлодар облысының кәсіпорындарына тиесілі. Аймақтың өнеркәсіптік кешені әр түрлі,  көбінесе металлургия, металл өңдеу, машина жасау, электр энергиясын өндіру, мұнай өңдеу өнімдері, құрылыс материалдары және тамақ өнеркәсібіне бағытталған.

Көптеген жобалар индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру шеңберінде іске қосылды, 70-ке жуық жаңа өнім түрі пайда болды, оның 35% - дан астамы экспортқа бағдарланған. Өнімдерге Орталық және Шығыс Азия, сондай-ақ Шығыс және Орталық Еуропа елдері  қызығушылық танытады.

Жергілікті кәсіпкерлер шетелмен байланыстар орнатуда: кейбіреулері енді ғана өздерінің жаңа алаңымен танысуда,  басқалары ол жерде өздерінің атыздарын жыртып тастады, ал тәжірибелілері өнімін жинап үлгерді. Алайда пандемия экономикалық жағдайды қиындатып, шектеу шаралары бизнестің дамуына әсер етті. Тіпті аймақтың жетекші өндірушілері де қиындықтарға тап болып, өндіріс көлемін қысқартуға мәжбүр болды. Осы проблемалардың барлығын және оларды шешу мүмкіндіктерін жергілікті кәсіпкерлері «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясының өкілдерімен B2B-кездесулер барысында талқылады. 

Осылайша, 17 мыңнан астам кабель-өткізгіш өнім  шығаратын ірі кәсіпорын «Казэнергокабель» АҚ өз өнімдерін  ішкі нарыққа,  сондай-ақ Ресей Федерациясы мен Өзбекстанға экспорттай отырып, шетелге де  сатады. Аталған мәмілелер бойынша экспорттық кредиттер  KazakhExport-та сақтандырылған. Сақтандырылған экспорттық келісімшарттардан жасалған мәмілелер $1,5 млн астам соманы құрады. 

Өндіруші Өзбекстанда жаңа клиентпен ынтымақтастық орнатуды жоспарлап отыр. Тауардың төлемі кейінге төленетін болғандықтан, «Қазэнергокабель» мәмілені сақтандыруға ниетті. Сонымен қатар, зауыт басшылығы экспорталды қаржыландыру лимитін ұлғайтуға мүдделі екенін атап өтті.

«KSP Steel» ЖШС – 2007 жылдың басында құрылған, мұнай-газ саласына арналған жіксіз болат құбырлар шығаратын алғашқы Қазақстандық кәсіпорын. Зауыт өз өнімін сыртқы нарықтарда ілгерілету үшін 2018 жылдан бастап  мемлекеттік қолдау құралдарын пайдаланады.

. Осы кезеңде KazakhExport жіксіз болат қаптамалардың, мұнай құбыры, сорғы-компрессорлық құбырлар мен муфталардың ірі партияларын Ресей Федерациясына жалпы 13 млрд.теңгеден астам сомаға экспорттау бойынша мәмілелерді қаржыландырды. 2018-2020 жылдары ұсынылған экспорталды қаржыландыру көлемі 18,9 млрд теңгені құрады.

Қазіргі уақытта кәсіпорында сала бойынша өндіріс көлемінің төмендеуі байқалады. Зауыт басшылығы жаңа келісімшарттар бойынша саудалық қаржыландыру құралы арқылы мемлекеттің қолдауын пайдалануға ниетті. Қазіргі уақытта ынтымыақтастық туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр, нәтижесінде аталған келіссіөздер Әзірбайжан мен Тәжікстанның жаңа клиенттерімен мәмілелер жасасуға мүмкіндік береді. 

 «Литейное производство» ЖШС («Format Mach Company») - отандық теміржол машинасын жасау ірі кәсіпорындарының бірі. Компания өз өнімдерін Ресейге экспорттайды. Өндіруші ірі және орта, сондай-ақ фасонды құюды игеру бойынша жобаны іске асыруда, жоба екі кезеңге болжанып отыр. Қазір компания Қазақстанда орташа вагондық құю бойынша жалғыз өндіруші - аталған өнімді ішкі нарыққа да, ТМД және Балтық елдерінің темір жол кәсіпорындарына да жеткізу құқығын иеленуші болып табылады. Зауыт шығаратын барлық теміржол өнімдері сертификатталған, соның ішінде Федералды теміржол көлігінде сертификаттау тізілімінде тіркелген. 

Қыркүйек айының соңында KazakhExport кәсіпорынға, теміржол вагондарының шығыс материалдарын өндіруге шикізат сатып алу үшін айналым қаражатын толықтыру мақсатында «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ желісі бойынша алынған 1 млрд. теңге сомасындағы қарызды сақтандыруды  мақұлдады, дайын өнімді кейіннен Ресей Федерациясына экспортталатын болады.

Сондай-ақ, РФ-ға, Беларусь пен Өзбекстанға «Гиссен Хаус» ЖШС-нің қоспаланған алюминийі сәтті экспорталуда, «RTF PVL» ЖШС Өзбекстанға көмір коксын сатады. Азық-түлік өнеркәсібінің өкілдері – «Молком» ЖШС және «Рубиком» ЖШС өздерінің сүт және ет өнімдерін Ресейге сатады. Қытай нарығына шығу жоспарлануда.

Павлодар облысында шетелдік нарықтарды жаулап алуды жоспарлап отырған бірқатар перспективалы кәсіпорындар бар. «Ansa Silicon» ЖШС-ы РФ-ға, АҚШ-қа және ЕО елдеріне экспорттау үшін металл кремний мен микросилик шығаруға ниетті. Ал «Павлодар-Сода» ЖШС-ы РФ мен ҚХР-н кальциленген содамен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Көтергіш крандар мен металл құрылымдарын шығаратын «Стальмонтаж» ЖШС-де қазіргі уақытта экспорт жоқ, бірақ кәсіпорынның Ресей мен ТМД елдеріне шығатын әлеуеті бар.

Жалпы, Павлодар облысының кәсіпкерлері мемлекеттің мәмілелер мен кредиттерді сақтандыру арқылы қолдауымен экспортқа шығуға мүдделі. KazakhExport өкілдері аталған өңірге сапары барысында жергілікті өндірушілердің алдында тұрған проблемаларды зерделеп, экспортқа бағдарланған бизнесті қолдау шаралары туралы айтып берді.

chat Кеңес ал!