KazakhExport отандық өндірушілердің БАӘ нарығына шығуына көмектеседі | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

KazakhExport отандық өндірушілердің БАӘ нарығына шығуына көмектеседі

10-нан астам отандық тамақ өнімдерін өндіруші өз тауарларын Парсы Шығанағы елдерінің Gulfood-2019 Халықаралық көрмесінде көрсетеді. Бұл іс-шараның шеңберінде KazakhExport өкілдері сақтандыру құралдарын қолдану бойынша кеңес береді, экспорттаушыларға әлеуетті сатып алушылармен мәмілелер жасауына көмектеседі.

Парсы Шығанағы елдерінің Gulfood-2019 қонақүй-мейрамхана бизнесі және аспаздыққа арналған өнімдер, сусындар, жабдықтардың халықаралық көрмесіне «Тэрра» ЖШС, «Аграрлық несиелік корпорация» АҚ, "Астана Агропродукт" ЖШС, «Қазақстанның Ет Одағы» ЖКЗТБ  және басқа да көптеген компаниялар қатысады, оның ішінде KazakhExport-тың сақтандыруы арқылы қолдауын пайдаланғандар да бар.

Gulfood мамандандырылған көрмесі – бұл әлемдегі және Парсы шығанағы мен Таяу Шығыс өңіріндегі ірі іс-шара, оған жыл сайын 5000-нан астам компаниялар қатысады. Биыл көрмеге 193 елден 98 000-нан астам адам қатысады деп күтілуде. 

Парсы шығанағы мен Таяу шығыс өңіріне жыл сайын тамақ өнімдерінің 95%-дан астамы импортталады, осыған байланысты мамандандырылған іс-шара жоғары сұранысқа ие. БАӘ нарығы үшін бұл көрменің ерекше маңыздылығын жоғары шенді қонақтардың жеке қызығушылық білдіруінен-ақ көруге болады. Шейх Хамдан бин Рашид Аль Мактум, Дубай әмірінің орынбасары және БАӘ қаржы министрі көрменің алғашқы күндері көрменің басты трендтерімен және жаңалықтарымен танысады. 

Ұйымдастырушылар –  Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, ҚР «Атамекен» ҰКП және «Қазақстанның Ет Одағы» Қауымдастығы. Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қазақстандық брендтерді Парсы шығанағы елдерінің мақсатты нарықтарына ілгерілету мақсатында қазақстандық өндірушілер үшін ұлттық стенд ұйымдастырады.

Қазақстандық стендте ауылшаруашылық өнімдер мен тамақ өндірісінің өкілдері таныстырылады.  ҚР Үкіметі қабылдаған Мал шаруашылығын дамытудың ұлттық бағдарламасын тиімді іске асыру аясында Таяу Шығыс және Парсы шығанағы нарығы Қазақстанның мал шаруашылығы өнімдерінің экспорты үшін тартымды бағыт болып саналады.

Біздің елдің шикізат емес экспортын қолдау мақсатында KazakhExport-тың өкілдері сақтандыру құралдарын қолдану бойынша кеңес береді, экспорттаушыларға мәмілелерін құрылымдауға және әлеуетті сатып алушылармен келіссөздер жүргізуге көмектеседі.

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ –  «Бәйтерек» холдингінің еншілес компаниясы. KazakhExport экономиканың басым секторларында шикізаттық емес тауарлар, жұмыстар, қызметтер экспортының өсуін қолдаумен және қазақстандық кәсіпорындарға қаржылай-сақтандыру және қаржылай емес қолдау практикасын қалыптастырумен айналысады.  «KazakhExport» ЭСК» АҚ 2023 жылға пайымы – Қазақстан Республикасының Орталық Азия аймағындағы және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі мемлекеттік сыртқы экономикалық саясатын іске асырудағы негізгі даму институты атану. 

chat Кеңес ал!