Allur: табыс тарихы және оған жетуге жол бастағандар
2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы
Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігінің арнайы жобасының жаңа шығарылымында Allur автокөлік компаниясының механикалық құрастыру жұмыстарының слесары Ақбота Бейсовамен таныстырамыз. Ол үш жылдан астам уақыт бойы елдегі ең ірі автомобиль зауытында жұмыс істейді.
Allur – Қазақстандағы жетекші автоөндіруші және әлемдік Chevrolet, Kia, JAC, Jetour, Hongqi және Skoda брендтерінің ресми серіктесі. 20 жылдан астам уақыт бойы компания еліміздің автомобиль өнеркәсібінің дамуына үлес қосып келеді. Кәсіпорын жылына 120 мыңнан астам көлік шығарады. Бүгінде мұнда 5 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Компания көп жылдар бойы Агенттікпен тығыз байланыс орнатып, жаңа нарықтарға шығып жүр.
Айта кетейік, бұл жоба жұмысшылардың мәртебесін арттыруға және білікті мамандардың еңбегін насихаттауға бағытталған. Біз ұлттық өнеркәсіптің дамуына үлес қосып жүрген жандар туралы баяндаймыз.