Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі KІТ Халықаралық қауымдастығына мүше кәсіпкерлерге арнап семинар өткізді
Бүгін «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «QazTrade» АҚ, «QazIndustry» АҚ, «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ, «Qazpatent» ҰЗМИ, «Қазақстандық стандарттау және метрология институты» РМК-мен бірлесіп, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП жәрдемімен KІТ Халықаралық қауымдастығына мүше кәсіпкерлер үшін ақпараттық семинар ұйымдастырды.
Іс-шара бизнес-қоғамдастықтың қолданыстағы мемлекеттік қолдау тетіктері туралы хабардарлығын арттыруға және бизнес пен мемлекеттік институттар өкілдері арасында тікелей диалог алаңын құруға бағытталды.
Семинар бағдарламасы келесі тақырыптарды қамтыды:
- ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алу үшін өткізілетін конкурс және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсы;
- Кәсіпкерлерге арналған өзекті қаржыландыру бағдарламалары»;
- Кепіл жетіспеушілігі жағдайындағы балама шешімдер;
- Экспорттық мәмілелер кезінде тәуекелдерді азайту;
- Сыртқы нарықтарда сенімді сатып алушыларды іздеу;
- Бизнес үшін тауар белгісін тіркеудің артықшылықтары;
- Шығындарды ішінара өтеу;
- Тегін кеңес пен қолдауды қайдан алуға болады;
Кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін басқа да пайдалы ақпарат.
Іс-шара соңында кәсіпкерлер сұрақ-жауап сессиясын өткізді, байланыс деректерімен алмасты және мемлекеттік қолдау шараларына нақты қызығушылық танытты. Семинарға қатысушылар экспорттық сақтандыру, қаржыландырудың баламалы тетіктері және зияткерлік меншікті қорғау тақырыптарына зор ынта қойды.