«Шин-Лайн» ЖШС: табыс тарихы және оған жетуге жол бастағандар | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

«Шин-Лайн» ЖШС: табыс тарихы және оған жетуге жол бастағандар

2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы

Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігінің арнайы жобасының бүгінгі шығарылымында сіздерді «Шин-Лайн»  зауытының аға операторы Аллаберген Еламанмен таныстырмақпыз. Бұл кәсіппен ол бес жылдан аса уақыт айналысып келеді, біздің репортажымызда ол өз жұмысының барлық қыр-сырын: таңертеңгі ауысымнан бастап, өнімдерді экспорттық жеткізілімге дайындауға дейін егжей-тегжейлі айтып береді.

Қазақстан мен Орталық Азиядағы балмұздақ нарығының көшбасшысы «Шин-Лайн» ЖШС ЭКА-ның байырғы клиенті болып табылады. 2002 жылы құрылған кәсіпорын 160-тан аса балмұздақ пен мұздатылған өнім түрлерін шығарып отыр. Оның өнімдері 10 экспорттық нарықта ұсынылған. «Шин-Лайн» Mars, Froneri және Barry Callebaut сияқты әлемдік көшбасшылармен ынтымақтастықта. 

2024 жылы компания Алматы облысында өндірістік қуаты тәулігіне 350 тоннаға дейін балмұздақ шығаратын жаңа зауыт салуға 35 млрд теңге инвестициялады. Ауданы 37 га кешен ТМД мен Шығыс Еуропадағы ең ірі кешен болады. Оның құрамына балмұздақ, мұздатылған жартылай фабрикаттар мен сүт өнімдерін шығаратын фабрика, сондай-ақ роботтандырылған қоймалар мен зертханалар кірмек.

Естеріңізге сала кетейік, ЭКА жұмысшы мамандығының мәртебесін көтеру, кадр даярлау сапасын арттыру және қолдау көрсетілген кәсіпорындармен өзара ықпалдасуды кеңейту мақсатында өзінің арнайы жобасын іске қосты. Осы жоба аясында біз еңбек адамдары мен олардың қызықты мамандықтары туралы баяндаймыз, бұл кәсіптік білім беруді дамытуға және жұмысшы мамандарды ынталандыру үшін еңбек нарығын жүйелеуге ықпал етеді. 

chat Кеңес ал!