Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі «Амал» қаржы үйімен меморандум жасады | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі «Амал» қаржы үйімен меморандум жасады

«Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ (ЭКА) және «Амал» қаржы үйі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Іс-шара Қазан қаласында өтті.

Құжат шикізаттық емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтер экспорты бойынша өзара тиімді және ұзақмерзімді әріптестік орнатуды көздейді.

Қос тарап өздерінің қаржы құралдары арқылы бірлескен жобаларды, оның ішінде «халал» стандарттарына сәйкес келетін келісімшарттарға қолдау көрсетуді негізге алатын болады.

«Исламдық қаржы жүйесі нарықтағы әртүрлі өзгеріске төзімді, өйткені оның негізгі қағидаты нақты, материалдық активтерге инвестиция тарту.  «Амал» қаржы үйі инвестициялық қор ретінде қазақстандық тауарлар мен қызметтерді экспорттауға мүдделі клиенттердің кең желісіне ие. Біз бұл бағытта үлкен мүмкіндікті көріп отырмыз, неге десеңіздер «халал» стандарттары бойынша қаржыландыру тек жекелеген елдерде ғана емес, сондай-ақ өзге де елдерде айтарлықтай сұраныста болып тұр», деп атап өтті Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігінің Татарстандағы өңірлік директоры Ренат Қалиев.

Айта кетейік, 2010 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Амал» қаржы үйі ислам қағидаттарына сәйкес жұмыс істейтін экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындарға ғана инвестиция тартады.

chat Кеңес ал!