Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының XX форумы: бизнеске арналған жаңа мүмкіндіктер | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының XX форумы: бизнеске арналған жаңа мүмкіндіктер

Уфа қаласында Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының мерейтойлық XX форумы өтті. Іс-шара барысында өңірлер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты күшейту, екі елдің өнеркәсіптік кооперация мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері талқыланды.

Форумға екі елдің мемлекеттік органдарының, іскер топтарының өкілдері мен салалық сарапшылар қатысты.

Іс-шара барысында Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі Ресей Федерациясының Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту федералды корпорациясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат шағын және орта бизнесті дамытуға, экспорттаушылар мүмкіндіктерін кеңейтуге және тараптар арасындағы әріптестікті нығайтуға бағытталған.

Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігінің Татарстан Республикасындағы аймақтық директоры Ренат Қалиев меморандум өзара тауар айналымын, оның ішінде қосылған құны жоғары тауарларды өндіру және бірлескен кәсіпорындар құруды ұлғайтуға маңызды серпін болатынын атап өтті.

«Қазірдің өзінде біз оң нәтиже көріп отырмыз.  «Байрам» дүкендер желісі қазақстандық «Сәуле» кондитерлік фабрикасының өнімдерін ЭКА сақтандыруы арқылы сатып алуды жоспарлап жатыр. Сондай-ақ «Ярмарка» сауда желісімен ынтымақтастық туралы келіссөздер жүріп жатырмыз. Біз екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейтудің барлық мүмкіндігі бар деп сенеміз», – деді ол.

 

 

 

 

chat Кеңес ал!