«Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ қызметкерлері Ұлттық валюта күніне орай марапатталды
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамында Ұлттық валюта – теңге күніне және қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шара шеңберінде Холдингтің және оның еншілес ұйымдарының Қазақстан экономикасын дамытуға бағытталған негізгі жобаларды іске асыруға елеулі үлес қосқан қызметкерлерінің еңбегі бағаланып, атап өтілді.
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин әрбір қызметкердің ортақ мақсаттарға қол жеткізудегі рөлінің маңыздылығына ерекше тоқталып, құттықтау сөз сөйледі.
«Бәйтерек» холдингі – Қазақстанның қаржы жүйесінің негізгі институты. Біз экономиканың негізгі бағыттарына: тұрғын үй секторына, агроөнеркәсіптік кешенге, кәсіпкерлікке және елдің экспорттық әлеуетіне қолдау көрсетеміз. Холдингтің жетістіктері – бұл сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен кәсіби шеберліктеріңіздің нәтижесі», - деді Рустам Қарағойшин өз сөзінде.
Салтанатты рәсім барысында Агенттіктің бірқатар қызметкерлеріне түрлі марапаттар табыс етілді:
- Абилова Елена Валерьевна – Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басқармасының төрағасы М.Е. Әбілқасымованың «Алғыс хатымен» марапатталды;
- Хисматуллина Эльмира Ималетыновна – Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Н.С. Байбазаровтың «Алғыс хатымен» марапатталды;
- Сыздықова Айжамал Керімбекқызы – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Р.Т. Қарағойшиннің «Алғыс хатымен» марапатталды.