«Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ Ұлттық валюта күнін атап өтті | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

«Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ Ұлттық валюта күнін атап өтті

Бүгін «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ жұмыскерлері Ұлттық валюта – теңге күнін атап өтті. Агенттік басшысы Аллен Шәйжүнісов ұжым қызметкерлерін кәсіби мерекемен салтанатты түрде құттықтап, компанияның дамуына қосқан үлестері үшін оларға Құрмет грамоталарын табыс етті.

Аллен Шәйжүнісов қаржы жүйесі – жоғары біліктілік пен үнемі дамуды талап ететін күрделі механизм екенін атап өтті. Ол әріптестеріне компанияның тұрақты жұмыс атқаруына және оның өркендеуіне қосқан баға жетпес үлестері үшін зор ризашылығын білдірді.

*15 қарашада Қазақстанда Ұлттық валюта – теңге күні атап өтілді. Бұл күн қаржы саласының барлық қызметкерлерінің кәсіби мерекесі – Қаржыгер күнімен сәйкес келді.

chat Кеңес ал!