«Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ қызметкерлері «Көліксіз бір күн» акциясына қатысты | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

«Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ қызметкерлері «Көліксіз бір күн» акциясына қатысты

«Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ қызметкерлері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасын қолдап, «Көліксіз бір күн» акциясына қатысты.

Акция зиянды шығарындыларды азайтуға бағытталған.

Ұлттық компания қызметкерлері бір күнге көлік жүргізуден бас тартуға және мұны кейіннен әдетке айналдыруға шақырды.

«Мегаполистердегі көлік құралдарының көбеюі қоршаған ортаға зиянын тигізіп жатыр. «Көліксіз бір күн» акциясы арқылы жұртшылық назарын осы мәселеге аудару аса маңызды», - деп атап өтті Тұрақты даму жөніндегі менеджер Надира Әбенова.

Еске салайық, дүниежүзілік «Көліксіз бір күн» акциясы 1998 жылдан бастап қолға алынды.

chat Кеңес ал!