Қазақстандық экспорттаушылар мен Italy4EAST компаниясымен келіссөз жүргізді
Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігінің Алматыдағы кеңсесінде бірқатар қазақстандық өңдеуші өнеркәсіп өндірушілері Italy4EAST International компаниясы мен Италияның Қазақстандағы ITA сауда агенттігінің өкілдерімен кездесті.
Отандық «Бахус» АҚ, «Шин-Лайн» ЖШС, «Parfumer Kazakhstan» ЖШС, «Ansar foods» ЖШС, «Alfish» ЖШС, «Leporte» ЖШС италиялық серіктестермен ынтымақтастық жолын талқылады.
Кездесуде Италия нарығына экспортқа шығудың негізгі бағыттары, италиялық инвестиция арқылы Қазақстанда бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктері, сондай-ақ қазақстандық өндірістерді жаңғырту үшін шетелдік жабдықтарды сатып алу мәселесі көтерілді.
Келіссөздер барысында италиялық серіктестерге макарон және сүт өнімдері, алкогольдік сусындар, парфюмерия, гидрогель тауарлары, сондай-ақ балық өңдеу және консервілеуге арналған жабдықтарды түрі ұсынылды.
Италиялық тарап екі ел арасындағы сауда байланысын күшейтуді мақсат етіп отырғанын алға тартып, қазақстандық өнімдердің Италия және басқа да Еуропа елдеріне шығуына ықпал жасайтынын жеткізді.
Анықтама:
- Italy4EAST International – италиялық және еуропалық компанияларды сыртқы нарыққа шығарумен айналысатын маманданған халықаралық консалтингтік компания.
- ITA (Italian Trade Agency) - шетелде италиялық компанияларды қолдайтын және Италияға шетелдік инвестиция тартатын мемлекеттік ұйым.