Кәсіпкерлер Алматыда қазақстандық экспорттың перспективаларын талқылады | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Кәсіпкерлер Алматыда қазақстандық экспорттың перспективаларын талқылады

Алматыда өңірлік экспорттаушылар кеңесі өтті, оның аясында кәсіпкерлер мен қазақстандық өнім экспортын дамытуға жәрдемдесуге бағытталған мемлекеттік ұйымдардың өкілдері қазақстандық экспорттың перспективаларын талқылады.

Іс-шараға «KazakhExport» ЭСК» АҚ Алматы қаласындағы өкілдігінің бас менеджері Алмас Қалқаев қатысты. Отырыс аясында кәсіпкерлер KazakhExport-тың қолдау құралдарының көмегімен шетелдік нарықтарда отандық тауарлардың қатысуын кеңейту мүмкіндіктерімен танысты.

chat Кеңес ал!