Сәуле Мәкішева: Біз экспортты кеңейтуді көздеп отырмыз | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Сәуле Мәкішева: Біз экспортты кеңейтуді көздеп отырмыз

Фармацевтикалық индустрияны әлеуметтік бағдарында дамыту және қазақстандық медициналық тауарлардың экспорты туралы Алматы облысындағы «Dolce-Pharm» ЖШС медициналық мақсаттағы бұйымдарды экспорттаушы сауда компаниясының директоры Сәуле Мәкішева айтып берді.

— «Dolce-Pharm» қазақстандық фарминдустрияның көшбасшыларының бірі болып табылады. Компания туралы айтып берсеңіз.

«Dolce–Pharm» сауда компаниясы құрылтайшы - «Dolce» ЖШС қызметін кеңейту шеңберінде 2003 жылы ашылды. Бас компанияның негізін қалаушы Ли Елена Эдуардовна. «Dolce» ЖШС бүгінгі таңда бір рет қолданылатын медициналық мақсаттағы бұйымдарды, кәсіби шығыс материалдарын, бір рет қолданылатын киім мен іш киімді, сондай-ақ дәрілік заттарды ірі өндіруші болып табылады.

«Dolce–Pharm» сауда компаниясының тарихы «Dolce» және оның негізін қалаушының тарихымен тығыз байланысты. Елена Эдуардовна медициналық институтты бітіргеннен кейін дәріхана меңгерушісі болып жұмыс істеді, содан соң көтерме сауда компаниясында бір жыл менеджер болып жұмыс істеді. Алғашқы тәжірибе мен дағдыларды игеріп, фармацевтикалық нарықтың даму келешегі мен мүмкіндіктерін көрді және 1998 жылы «Dolce» деп аталатын компания ашу туралы шешім қабылдады.

Бірінші кеңсеге арналған орынжай ретінде 1 бөлмелі пәтер жалға алынды, ондағы зал қойма, ал 9 м² асүй - 3 жұмыс орны бар кеңсе болды. 100$-ға бұрын пайдаланылған жиһаз және 50$-ға алғашқы сөрелер сатып алынды. Жұмыс процесі іске қосылды, литвалық дәрі-дәрмектерді, шөптер мен медициналық бұйымдарды сату басталды.

2000 жылы Елена Эдуардовнаның ата-анасының екі қабатты коттеджі кеңсеге айналды. 12 соток жердегі бүкіл бос орынға уақытша орынжайлар салынып, қоймалар үшін пайдаланылды. 2006 жылы жаңа өндіріс желісін дамыту үшін Алматы облысының Ынтымақ ауылында ғимарат табылды. Ғимарат қираған күйінде болды. Ескірген ғимаратты жөндеу және қалпына келтіру үшін бір жыл қажет болды. Осы кезеңде сатудан және басқа да қаржылық кірістерден алынған барлық қаражат қалпына келтіруге және қайта құруға жұмсалды.

Соңғы рет 2007 жылы көштік, компания 2008-2010 жылдары ның қарқынды өсе бастады – компания қосымша қойма орынжайларын салды, үлкен кредит алып, бүкіл қойманы шикізат пен дайын өнімге толтырды. 2010 жылы өрт орын алды, шикізат пен дайын өнім орналасқан жаңа қойма, өндірістің бір бөлігі кеңселермен бірге өртеніп кетті. Кредит желісі, жаңа өндірістік және әкімшілік корпустар мен ғимараттар бойынша қалпына келтіру жұмыстары тек 2015 жылы ғана жүргізілді. Қолданыстағы өндірісті жақсарту және қайта құру үшін 2016 жылы біз «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-тың қолдауын пайдаландық. «Даму» қорының ШОБ-қа қолдау көрсету бағдарламасы аясында өндіріс жаңғыртылды, өндірістік-қоймалық орынжайлар салынды және дайын өнімді тасымалдау үшін көлік құралдары сатып алынды.

- Бүгінгі таңда нарықта қандай өнім түрлері ұсынылған?

«Dolce-Pharm» қызметінің негізгі бағыты қазіргі уақытта медициналық бұйымдарды өндіру және көтерме сату болып табылады. Шығарылатын өнімнің ассортиментіне медициналық қолғаптар, үш және төрт қабатты маскалар, халаттар және дәрі - дәрмектер сияқты сұранысқа ие тауарлар кіреді.  Сонымен қатар, біз хирургиялық жиынтықтар, төсек-орын жабдықтары, комбинезондар, пластиктен жасалған бұйымдар, науқастарға күтім жасау құралдарын, дәрілік препараттар және тағы басқаларды өндіріп, өткіземіз.

Зауыттың өндірістік циклінің толықтығын меншікті сапалы шикізатты үздіксіз жеткізілуі, білікті кадрлар, ішкі және сыртқы логистика қамтамасыз етеді.

— Компания 2006 жылдан бастап Қазақстанда белсендірілген көмір өндіріп келеді және бүгінгі таңда сіз «Ультра–Абсорб»-тың жалғыз отандық өндірушілерісіз. Неліктен көмір өндіру бағыты таңдалды және оған деген сұраныс тұрақты ма?

2005 жылы Елена Эдуардовнаның «Белсендірілген көмір 0,25» таблеткаларын өндіру идеясы пайда болды, ол провизор болғандықтан мұның барлығын қалай ұйымдастыруға болатынын біліп, түсінгісі келді. Көмір пайдалы қасиеттеріне байланысты және технологиялық, өндірістік тізбектің барлық процестерін үйренуге болатын мүлдем қауіпсіз құрал болып табылатынына сүйене отырып таңдалды, кейінірек белгілі болғандай ең күрделі технологиялардың бірі болып шықты. Бүгінгі таңда біз Орталық Азия аумағында «Белсендірілген көмір 0,25» таблеткаларын жалғыз өндіруші болып табыламыз және дәрілік заттар бойынша номенклатураны кеңейту бойынша жоспарлар бар.

- Зауыт алаңдарында қанша адам жұмыс істейді және бүгінгі таңда өндірістік қуаты қандай?

400-ден астам адам. Мұнда медициналық мақсаттағы бұйымдар мен дәрі-дәрмектердің 160-тан астам түрі өндіріледі. Шығарылатын өнімнің ассортиментіне медициналық қолғаптар, үш және төрт қабатты маскалар, халаттар және дәрі - дәрмектер сияқты сұранысқа ие тауарлар кіреді. Компанияның жылдық айналымы 8,4 млрд теңгеге жетті.

- Зауытқа қандай кәсіп мамандары қажет? Кімді таңдау жеңілірек және кімді таңдау қиынға соғады?

Негізінен фармацевт, технолог, тігінші, инженер қажет. Персоналды іріктеу әрдайым көп күшті қажет етеді, себебі өз ісінің маманы жинақталған дағдыларға ие болуы керек, сонымен қатар өндірісте қолдануға болатын өз ісінің маманы болуы керек.

- Пандемия бүгінгі таңда қазақстандық фармацевтикалық нарыққа қалай әсер етті?

Фармацевтика өнеркәсібі, жалпы алғанда, шығарылатын өнімнің жоғары сұранысына байланысты, әсіресе мұндай жағдайда «алдыңғы қатарда» болды. Оқиғалар отандық фармацевтикалық индустрияның дамуы мен нығаюы керектігін көрсетті. Көптеген компаниялар жұмысын тоқтатты немесе шектеді. Dolce қызметкерлері халықты сапалы маскалармен, қолғаптармен және басқа да жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету үшін 2021 жылы тәулік бойы, 3 ауысыммен жұмыс істеді. Біз жоспар мен келіп түскен экспорттық өтінімдерді 100% орындадық. Біздің кәсіпорын беріктікке тексеруден өтті және еліміздің медициналық мекемелері мен тұрғындарына медициналық мақсаттағы бұйымдардың уақтылы жеткізілуін қамтамасыз ету үшін жұмысын жалғастыруда.

- Фармацевтика нарығында қандай айқын трендтер байқалады?

Дәрілік препараттармен қашықтықтан сауданың басталуы, вебинарлар ұйымдастыру және электрондық поштамен таратпалар арқылы медицина қызметкерлерімен өзара іс-қимыл жасау, интернеттегі жарнама көлемінің айтарлықтай өсуі, фармацевтикалық компаниялар қызметкерлерінің қашықтықтан жұмыс режиміне көшуі. Бұл трендтер пандемияның басталуымен одан әрі айқын көрінді, алайда олар бізбен ұзаққа қалады және болашақ  фармацевтика нарығының қалыптасуына негіз болады.

- Ішкі нарықтың қандай аймақтары өніммен қамтамасыз етіледі?

Біз ел ішінде - Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Қарағанды, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Павлодар, Петропавл, Қостанай, Көкшетау, Семей, Өскемен, Жезқазған, Тараз, Қызылорда, Түркістан, Талдықорған және одан тыс жерлерде белсенді сауда саясатын жүргіземіз.

- Компания нені және қандай елдерге экспорттайды?

«Экспорттық кредитті сақтандыру» өнімі бойынша «KazakhExport» ұлттық экспорттық сақтандыру компаниясының желісі бойынша біз төлемді кейінге қалдыру талаптарымен экспорттық келісімшарттарды шетелдік тапсырыс берушілер тарапынан төлемеу тәуекелінен қорғадық. Орталық Азия мен ТМД елдеріне бір рет қолданылатын медициналық мақсаттағы бұйымдарды, дәрілік препараттарды экспорттаймыз.

- Жаңа елдерге экспортты кеңейтуді жоспарлап отырсыз ба?

Иә, біз барлық континенттерде өнімді өткізу географиясын кеңейтуді көздеп отырмыз, Ресей, Еуропа, Африка, сондай-ақ Азия елдері бағыттарына ерекше назар аударамыз. Қазіргі уақытта сатылған франшизалардың саны мүмкіндігінше көп елдерді қамтығанын қалаймыз, себебі франшиза өңірлердің дамуына, жаңа жұмыс орындарының, экономиканың үшінші секторының құрылуына, сапалы тауарлар мен қызметтерге тұтынушылық сұраныстың артуына ықпал етеді, сондай-ақ адал бәсекелестікті ынталандырады. Соңғы уақытта әлем толығымен өзгерді және қазіргі уақытта біз үшін негізгі ұзақ мерзімді мақсат - еуропалық нарыққа шығу болып табылады.

- Компанияның соңғы жылдағы қандай жетістіктерін атап өтуге болады?

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев біздің Dolce зауытына барып, кәсіпорынның жұмысымен танысты. Сондай-ақ, Оңтүстік өңір бір франшизамызды сатып алуына байланысты, енді Шымкент қаласында сапалы маскалар, қолғаптар, халаттар, хирургиялық жиынтықтарды қолжетімді үнемді бағамен, делдалсыз сатып алу мүмкіндігі бар. Бұдан басқа, қысқа мерзім ішінде біз өнімдеріміздің сапасын айтарлықтай жақсарта алдық.

chat Кеңес ал!